Путин мерекеге орай Украинамен уақытша бітім жариялады

Аиса Махамбет Редактор
10.04.2026, 09:23
149
Путин мерекеге орай Украинамен уақытша бітім жариялады kremlin.ru

Ресей Пасха кезінде қаруды уақытша тастамақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин православ Пасха мерекесіне орай Украинамен уақытша бітім жариялады. Кремльдің хабарлауынша, атысты тоқтату 11 сәуір күні Мәскеу және Киев уақытымен сағат 16:00-де басталып, 12 сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Ресми мәліметте қорғаныс министрі Андрей Белоусов пен Бас штаб бастығы Валерий Герасимов-қа барлық бағытта әскери әрекеттерді уақытша тоқтату туралы тапсырма берілгені айтылған. Сонымен қатар әскерге қарсы тараптан болуы мүмкін кез келген арандату әрекеттеріне дайын болу міндеттелген. Мәскеу бұл қадамға Киев те жауап береді деген үміт білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бірнеше рет Пасха кезінде атысты тоқтатуды ұсынған. Алайда оның сөзінше, Ресей бұл бастамаларға нақты келісім бермеген. Дегенмен, соңғы мәлімдемесінде Зеленский Киевтің «айна қағидасы бойынша» әрекет етуге, яғни бітімге жауап ретінде дәл сондай қадам жасауға дайын екенін жеткізді.

«Адамдарға қауіп-қатерсіз Пасха керек. Бұл — бейбітшілікке нақты қадам жасауға мүмкіндік. Ресейде Пасхадан кейін де оқ атуды тоқтатуға мүмкіндік бар», — деді Украина басшысы.

Еске салсақ, мұндай «пасхалық бітім» 2025 жылы да жарияланған еді. Ол кезде тараптар атысты уақытша тоқтатуға келіскенімен, араға бір күн салып Киев пен Мәскеу бір-бірін келісімді бұзды деп айыптаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды