306

Париж паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек ана атанды

Чемпион қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жариялады.

Париж паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек ана атанды
instagram.com/nauatbeka

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық пара дзюдошы, Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ақмаралдың спорттағы жолы ерте басталған. Ол небәрі 11 жасынан бастап дзюдомен кәсіби түрде айналысып, 2017–2019 жылдары жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.

2021 жылы көру қабілетінің нашарлауына байланысты спортшы пара дзюдоға ауысуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, ол жаттығуын тоқтатпай, үлкен мақсаттарға ұмтылуын жалғастырды.

2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан спортының жарқын өкілдерінің біріне айналды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор