8,1 млрд доллар: Назарбаевтың қыздары елдегі ең бай әйелдер тізіміне кірді

10.04.2026, 12:51
511
8,1 млрд доллар: Назарбаевтың қыздары елдегі ең бай әйелдер тізіміне кірді SMARTNEWS.KZ коллажы

Ең бай әйел ретінде Динара Құлыбаева 5,4 млрд доллармен көш бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Forbes Women Kazakhstan Қазақстандағы ең ауқатты әйелдердің алғашқы ресми рейтингін жариялады. Тізім елдегі ірі капитал иелерінің шоғырлануын айқын көрсетіп отыр.

Жалпы есеп бойынша рейтингке енген әйелдердің жиынтық байлығы шамамен 8,1 млрд долларды құрайды. Алайда капиталдың бөлінісі біркелкі емес: қаражаттың жартысынан астамы бір адамның үлесінде, ал алғашқы бестік жалпы байлықтың 87%-ын бақылайды.

Рейтингте негізгі орындарды елдегі ықпалды бизнес әулеттермен байланысты тұлғалар иеленген. Ең бай әйел ретінде Динара Құлыбаева көрсетілген — оның байлығы 5,4 млрд доллар деп бағаланады. Одан кейін Мукадасхан Ибрагимова (650 млн доллар) және Дариға Назарбаева (550 млн доллар) тұр.

Байлық көлемі бойынша тізім мынадай ретпен жалғасады:

– Анжела Сарсенова — Helios жанармай желісі, бөлшек сауда — 249 млн доллар

– Айжан Есім — «Қазфосфат» экс-акционері — 207 млн доллар

– Айдан Сүлейменова — девелопмент және Viled ритейлі — 175 млн доллар

– Қаншаим Сейтжанова және Жанна Сейтжанова — мұнай-газ және өнеркәсіп — 84 млн доллар

– Алена Сүлейменова — Viled ритейлі — 73 млн доллар

– Гаухар Қаппарова — Lancaster Group — 65 млн доллар

– Гүлнар Досаева — Lancaster Group — 61 млн доллар

– Раушан Сағдиева — жылжымайтын мүлік және ритейл — 57 млн доллар

– Ирина Козлова және Александра Соколова — ломбард және қаржы саласы — 52 млн доллар

– Любовь Дружинина — сүт өнеркәсібі — 50 млн доллар

– Сәуле Сейсембаева — агробизнес және білім беру — 48 млн доллар

– Элеонора Баталова — «Алматыкітап» баспасы — 44 млн доллар

– Карина Сарсенова — медиа және девелопмент — 42 млн доллар

– Әлия Маханова — ломбард бизнесі — 39 млн доллар

– Наталья Акентьева — Bank RBK — 36 млн доллар

– Сәуле Зейнолла — өнеркәсіптік дистрибуция — 35 млн доллар

– Амина Касымова — сақтандыру саласы — 34 млн доллар

– Сандуғаш Кемельбаева — девелопмент — 34 млн доллар

– Галина Зкрияева — Galmart ритейлі — 33 млн доллар

– Амина Ажмағанбетова — машина жасау — 31 млн доллар

– Гаухар Абыкаева — зергерлік ритейл — 30 млн доллар

– Жанна Кан — зергерлік және fashion-бизнес — 28 млн доллар

Редакцияның бағалауынша, ерлер рейтингімен салыстырғанда басты айырмашылық — капиталдың шығу тегі. Әйелдердің 85–90%-ы байлықты отбасылық бизнес арқылы, мұра, неке немесе ірі компаниялардағы үлес арқылы иеленген.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды