486

Жалақыға көңілі толмаған жұмысшы ірі қойманы өртеп жіберді

Құны 200 млн долларлық қойма өртеніп кетті.

Жалақыға көңілі толмаған жұмысшы ірі қойманы өртеп жіберді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Калифорния штатында мердігер компанияның 29 жастағы қызметкері жұмыс жағдайы мен жалақысына наразы болып, дәретхана қағазы сақталған қойманы өртеп жіберді.

Оқиға салдарынан шамамен 111 мың шаршы метр аумақты қамтитын ғимарат толықтай дерлік жойылған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын 150–200 миллион доллар аралығында бағаланып отыр.

Құқық қорғау органдары күдіктіні қамауға алды. Тергеу мәліметінше, өрт қоюға негізгі себеп ретінде төмен жалақы мен еңбек жағдайына көңіл толмаушылық көрсетілген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор