Алтынға бір қадам қалғанда: Қазақ боксшысы Бақыт Сейдіштің сөзі елді жылатты

10.04.2026, 15:31
321
Алтынға бір қадам қалғанда: Қазақ боксшысы Бақыт Сейдіштің сөзі елді жылатты бейнежазбадан

Әлеуметтік желі қолданушылары спортшыға үлкен сенім білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалында алтынға бір табан жақындап барып, күміспен шектелді. Моңғолияда өткен құрлық біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен 21 жастағы спортшы шешуші жекпе-жекте Үндістан өкілі Арундхати Чоудхаримен қолғап түйістірді. Тартысты өткен айқаста басымдық қарсыласқа беріліп, Сейдіш турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жекпе-жектен кейін боксшы өз ойымен ашық бөлісті. Ол бұл жарысқа тек жеңіс үшін келгенін, бар күшін салғанын айтты. Алайда қарсыласының мықтылығын мойындап, екінші орын көңілінен шықпағанын жасырмады. Себебі басты мақсат — алтын медаль болған.

Спортшының осы шынайы сөзі көпшіліктің көңіліне тиді. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар оны нағыз чемпион деп атап, қолдау білдірді. Көпшілік оның әлі талай биікті бағындыратынына сенім білдіріп, тоқтамауға шақырды.

Айта кетейік, Азия чемпионатының финалына Қазақстан құрамасынан барлығы сегіз спортшы шықты. Оның бесеуі ерлер, үшеуі әйелдер құрамасының өкілдері.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан