«Көліктің тас-талқанын шығарды»: Қостанайда курьерлерге шабуыл жасалды
Белгісіз тұлғалар курьерлерді соққыға жығып, олардың көлігін қасақана бүлдірген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда құрылыс дүкенінің жеткізуші қызметкерлеріне шабуыл жасалып, олардың қызметтік көлігі бүлінді. Оқиға тауар жеткізу кезінде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал барысында курьерлер соққыға жығылған. Сонымен қатар олардың мінген «Газель» маркалы қызметтік автокөлігіне зақым келген.
Қостанай облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілген.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ іске қатысы болуы мүмкін өзге адамдар мен куәгерлер тексерілуде. Тергеу нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада балалардың бөтен көлікті зақымдағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Материал авторы