Танымал мектеп директоры Баян Алагөзованың байқауы үшін 10 келі тастап, сахнаға бет алды
Тиктоктағы трендтерді түсіру арқылы танымал болған Ақмоншақ Нұртаза «Алтын ханым» байқауына қатысқалы жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза продюсер Баян Алагөзованың «Алтын ханым» байқауына қатысу үшін 10 келі салмақ тастағанын мәлімдеді. Ол бұл қадамды байқауға деген жауапкершілікпен байланыстырды.
Білім ордасының басшысы өзіне нақты мақсат қойғанын және соған қол жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, осы кезеңде әлеуметтік желідегі қолдау ерекше күш берген. Әрбір жылы пікір мен тілектің маңызы зор болғанын атап өтіп, көпшілікке алғыс білдірді.
Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін әлеуметтік желіде кеңінен танылып үлгерген. Ол 11-сынып түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне челлендж түсіріп, көпшіліктің назарын аударған еді. Бұл бейнеролик Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, трендке айналды.
Аталған видео Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнадан көрсетілген. Концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына арнайы билет табыстаған.
Материал авторы