297

Пашинян кортежіне қатысы бар автобус апатқа ұшырап, адам қаза тапты

Пашинянның іссапарын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік автобус жол апатына түсті.

Пашинян кортежіне қатысы бар автобус апатқа ұшырап, адам қаза тапты
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арменияның солтүстігіндегі Лори облысында премьер-министр Никол Пашинянның іссапарын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақытпен таңғы 07:50 шамасында Кучак — Апаран тасжолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, полицияға тиесілі Honda маркалы автобус пен Nissan көлігі соқтығысқан.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір апаттың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, қызметтік автобус Ереваннан Лори облысына жолға шыққан. Ондағы мақсат — премьер-министр Никол Пашинян мен оның серіктерінің ішкі партиялық науқаны кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болған. Қазіргі уақытта үкімет басшысының командасы Апаран қаласында жүр.

Материал авторы