Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» тек 2 ел 1 миллиард доллар төлеген

11.04.2026, 14:36
317
Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» тек 2 ел 1 миллиард доллар төлеген Fabrice Coffrini / AFP / Getty Images

Қаражат тапшылығы Газада жаңа басқару жүйесін іске қосуды тежеп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесіне» уәде етілген миллиардтаған қаржы толық түспей жатыр. Соның салдарынан Газада басқару құрылымын іске қосу мен қарусыздану келіссөздері тежеліп отыр.

Reuters агенттігінің дерегінше, қаржылай қолдау көрсетуге уәде берген тоғыз елдің ішінде нақты қаражат бөлгендері — Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко және АҚШ-тың өзі. Жалпы жиналған сома 1 миллиард доллардан да аспаған.

Ақпан айында Вашингтонда өткен жиында Трамп ұйымға мүше елдер — Қазақстан, Әзербайжан, БАӘ, Марокко, Бахрейн, Қатар, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Кувейт — Газа секторына 7 миллиард доллар бөлуге келіскенін жариялаған еді. Бұған қоса АҚШ тағы 10 миллиард, ал БҰҰ 2 миллиард доллар қосуды жоспарлаған. Бұл қаражат «Бейбітшілік кеңесінің» бақылауындағы Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетті қаржыландыруға бағытталуы тиіс болған. Жоспар бойынша, бұл құрылым ХАМАС қарусызданғаннан кейін өңірдегі билікті өз қолына алуы керек еді.

Алайда ұйым өкілдері қаржы тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Қаржыландыруға шектеу жоқ, барлық өтінімдер толық әрі дер кезінде қамтамасыз етіледі», — деп мәлімдеді кеңес.

Соған қарамастан, келіссөздер тұйыққа тірелген. Египеттің арағайындығымен жүріп жатқан ХАМАС-ты қарусыздандыру мәселесі нәтиже бермей отыр. Израиль қаруды толық тапсыруды талап етсе, ХАМАС атысты тоқтату мен әскердің толық шығуына кепілдік сұрайды.

Дипломатиялық дереккөздердің айтуынша, қазіргі жағдай күрделене түскен. Израиль бұл тығырықты жаңа әскери операцияны қайта бастауға себеп ретінде пайдалануы мүмкін деген қауіп бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды