SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу барысында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістандағы тарихи ескерткіштерге қатысты сирек архивтік құжаттарды табыстады. Кездесу Бұхара қаласында өткен.
Қазақстан тарапы 1920–1950 жылдарға тиесілі құнды материалдардың көшірмелерін алды. Олардың қатарында сызбалар, фотосуреттер және түрлі архивтік деректер бар. Барлығы Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерінің тарихына қатысты.

Мамандардың айтуынша, бұл құжаттардың басым бөлігі осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енгізілмеген. Сондықтан олардың тарихи әрі мәдени құндылығы жоғары бағаланып отыр.
Берілген материалдар Түркістандағы сәулет ескерткіштерін зерттеу мен сақтау ісіне жаңа серпін беруі мүмкін.
RUS