Астанадағы өрт: үш баланың өліміне қатысты іс қозғалды

12.04.2026, 10:37
212
Астанадағы өрт: үш баланың өліміне қатысты іс қозғалды әлеуметтік желіден

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт үш баланың өмірін қиған ауыр трагедияға айналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен үш бала қаза тауып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Қайғылы жағдай 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты үйдің 15-қабатында болған. Өрт сөндірілгеннен кейін пәтер ішінен кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылған.

Полицияның хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаға құқықтық баға берілмек.

Өрт кезінде пәтерде болған әйел адам тірі қалған. Ол күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялаған, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетімен сыртқа шыққан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды