327

Астанадағы өрттен аман қалған әйел реанимацияда жатыр

Дәрігерлер оған 2–3 дәрежелі күйік диагнозын қойған.

Астанадағы өрттен аман қалған әйел реанимацияда жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы көпқабатты үйде болған өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас қалалық көпсалалы №1 ауруханаға жедел жеткізілген. Оған 2–3 дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Оқиға 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесі, 14А мекенжайындағы пәтерде болған. Өрт салдарынан үш кәмелетке толмаған баланың өмірі қиылған еді.

Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Материал авторы