Елордада қолында қанды балтасы бар ер адам тұрғындарды дүрліктірді (ВИДЕО)

12.04.2026, 13:16
197
Елордада қолында қанды балтасы бар ер адам тұрғындарды дүрліктірді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ер адам танысының пәтерінде алкоголь ішкеннен кейін агрессивті әрекетке барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінде қолына балта ұстап жүрген ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, тұрғындарды шошытты. Полиция күдіктіні жедел ұстап, жауапқа тартты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Тексеру барысында оның танысының пәтерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерде болғаны анықталған. Бірге алкоголь ішкеннен кейін ол агрессивті мінез танытып, құрылыс құралын қолға алған.

Кейін подъезде жүріп, ер адам әйнекті сындырған. Соның салдарынан өзі жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Басқа тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдары оның әрекетін тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен ол қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)