«Аузым ашылып»: Әнші Yenlik Нью-Йоркта күтпеген жерден Максим Галкин кездестірді (ВИДЕО)
Танымал тележүргізушінің дәл жанында жүргенін әншінің өзі де байқамаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық әнші Yenlik Нью-Йоркке сапары кезінде түсірген видеосымен әлеуметтік желіні елең еткізді. Бастапқыда қарапайым көрінген кадрлар кейін күтпеген детальмен жұрт назарын аударған.
Видеода әнші қала алаңында би билеп, өзін камераға түсіріп тұрған сәті көрінеді. Алайда кейінірек ол кадрдың артында танымал тележүргізуші Максим Галкин қызымен бірге тұрғанын байқайды.
Әнші бұл жағдайды әзілмен қабылдаған. Оның айтуынша, сапар барысында белгілі бір жұлдызды кездестіруді ойлағанымен, ойында мүлде басқа адам болған.
Желі қолданушылары бұл кездейсоқтықты қызу талқылап, түрлі пікір білдірді. Көпшілік Нью-Йорк сияқты мегаполисте дәл осындай кездесу орын алғанына таңғалысын жасырмады.
Материал авторы