257

Сәтпаевта ер адамды балалардың көзінше ұрып кеткен

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамды бірнеше адамның жабылып ұрып жатқан сәті анық көрінеді.

Сәтпаевта ер адамды балалардың көзінше ұрып кеткен
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында ер адамды көшенің қақ ортасында аяусыз соққыға жыққан оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Ең сорақысы — бұл көрініс балалардың көз алдында болған.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда бірнеше ер адамның бірі төртіншісін ұрып-соғып жатқанын көруге болады: ол жәбірленушіні жұдырықпен ұрып, аяғымен тепкілейді. Жанында самокат мінген бала мен өзге де куәгерлер қарап тұрған.

Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретінін атап өтті. Әсіресе, зорлық-зомбылықтың балалар көз алдында жасалуы олардың психикасына ауыр әсер етуі мүмкін екені ескертілді.

Материал авторы