Павел Дуров WhatsApp-ты «алаяқтық» деп атады

13.04.2026, 11:19
123
Павел Дуров WhatsApp-ты «алаяқтық» деп атады Hubert Boesl / picture alliance / dpa / ТАСС

Чаттағы көшірмелер үшінші адамға қолжетімді дейді Дуров.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павел Дуров танымал мессенджер WhatsApp-қа қатысты өткір мәлімдеме жасап, сервисті «ауқымды тұтынушылық алаяқтық» деп атады. Оның айтуынша, миллиондаған қолданушының жеке хат-хабарлары шын мәнінде толық қорғалмаған.

Кәсіпкердің сөзінше, WhatsApp-тағы жеке жазбалардың шамамен 95 пайызы резервтік көшіру жүйесі арқылы ақыр соңында Apple мен Google серверлерінде шифрланбаған күйде сақталады.

Дуров негізгі мәселені «бұлттағы» көшірмелерден көреді. Оның айтуынша, WhatsApp-та резервтік деректерді шифрлау мүмкіндігі бар болғанымен, ол міндетті емес, ал қолданушылардың басым бөлігі оны қоспайды.

«Тіпті өз деректеріңізді құпиясөзбен қорғасаңыз да, бұл толық қауіпсіздікке кепіл болмайды. Себебі сізбен хат алмасатын адамдардың 90 пайыздан астамы мұндай қорғауды қолданбайды. Соның салдарынан мәліметтер бәрібір ашық күйде бұлтқа түседі», – дейді ол.

Сонымен қатар, Дуровтың пікірінше, Apple мен Google компаниялары WhatsApp-тағы резервтік көшірмелерді жылына мыңдаған рет үшінші тараптарға ұсынуы мүмкін. Бұдан бөлек, мессенджер қолданушының кіммен және қаншалықты жиі байланыс орнататыны туралы мәліметтерді де сақтайды.

Осы тұста ол өз өнімі — Telegram-ды мысалға келтіріп, қауіпсіздік деңгейі жоғары екенін атап өтті.

«Telegram 12 жыл ішінде пайдаланушылардың бірде-бір хабарламасын жария еткен емес», – деп түйіндеді Дуров.

Айта кетейік, ол бұған дейін де WhatsApp-тан бас тартып, қауіпсіз баламаларға көшуге бірнеше рет шақырған. Оның пікірінше, америкалық мессенджердің қауіпсіздік архитектурасында елеулі осал тұстар бар.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)