475

Тұрсын Алагөзов балаларымен 10 жыл бойы араласпағанын айтты

Балалардың ренішіне қоғамдағы қысым мен отбасылық жанжалдың салдары әсер еткен.

Тұрсын Алагөзов балаларымен 10 жыл бойы араласпағанын айтты
instagram.com/tursen_alaguzov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бірінші некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Оның сөзінше, ажырасудан кейін ол он жыл бойы балаларымен араласпаған.

Кәсіпкер бұл үзілісті балаларының ренішінен көреді. Айтуынша, олар әкесінің шешімін ауыр қабылдап, ұзақ уақыт байланыс орнатуға қарсы болған.

«Мен олардың анасын ренжіткенімді түсінемін. Ұлыма бірнеше рет жаздым. Бірақ ол “кет” деп жауап беретін. Бұл — оның ішкі күйзелісін сыртқа шығару әрекеті деп ойлаймын», — деді ол.

Алагөзов ажырасу кезеңі өте ауыр өткенін жасырмады. Балалары анасының жағында болып, тіпті қоғамдағы қысымның әсерінен тегін өзгертуге дейін барған.

«Олар үнемі “сен пәленшенің баласысың” деген сөзді еститін. Бұл олардың жанын жаралады. Сол себепті мұндай қадамға барды», — деді кәсіпкер.

Соған қарамастан, соңғы жылдары ол балаларымен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге күш салған. Оның айтуынша, бұл процесс оңай болмаған — толық татуласуға шамамен екі жыл кеткен.

Кәсіпкердің пайымынша, уақыт өте келе көзқарас та өзгереді. Әсіресе қызы ана атанғаннан кейін әке рөлін басқаша түсіне бастаған.

Алагөзов отбасы ішіндегі байланыс үзілмеуі керек деп санайды. Оның пікірінше, қандай жағдай болмасын, жақын адамдар келісімге келудің жолын іздеуі тиіс.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор