Алматыда сот орындаушысының заңсыз шешімі 35 млн теңгелік шығынға әкелді

Азиз Қалижан Редактор
13.04.2026, 14:20
172
Алматыда сот орындаушысының заңсыз шешімі 35 млн теңгелік шығынға әкелді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жеке сот орындаушысы борышкер шотындағы тыйымды заңсыз түрде алып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жеке сот орындаушысының заңсыз әрекеті ірі қаржылық шығынға әкелді. Тергеу нәтижесінде оның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны дәлелденіп, кінәлі деп танылды.

Прокуратураның мәліметінше, сот орындаушысы борышкердің банк шотына салынған тыйымды ешқандай заңды негізсіз алып тастаған. Бұл шешім сот актісінің орындалуына тікелей кедергі келтіріп, өндіріп алушы тарапқа 35,6 миллион теңге көлемінде зиян келтірген.

Заңбұзушылықты Наурызбай аудандық прокуратурасы анықтаған. Қадағалау органы мұндай әрекет сот шешімін орындау жүйесіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

Сот үкімімен жеке сот орындаушысы Қылмыстық кодекстің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Сонымен бірге, үкімнің заңды күшіне әлі енбегені хабарланды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды