601

Иран осы айда тұңғыш жергілікті электромобилін таныстырмақ

Иранда электромобиль шығарыла бастайды, алғашқысы жуырда таныстырылмақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ирна агенттігіне сілтеме жасап.

Иран осы айда тұңғыш жергілікті электромобилін таныстырмақ
Ирна агенттігі

Иран ұлттық стандарттау ұйымының бас директоры Мехди Эслампанах мамыр айының ортасына дейін алғашқы жергілікті электромобиль таныстырылымы болатынын мәлім етті.

«Президент жарлығынан кейін, сапалы өндіріс жылында мамыр айының ортасына қарай отандық мамандар әзірлеген алғашқы отандық электромобиль көпшілік назарына ұсынылады», - деді ол.