Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты

02.05.2023, 12:19
546
Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты smartnews.kz

Марат Қарабаевтың айтуынша, жеңілдетілген автокөлік несиесі әділ әрі ашық, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Үкімет қаулыларында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті. Кезек қаншалықты адал жүріп жатыр деген сұрақ туындады. Оны жоққа шығару үшін біз оны онлайн жасадық, цифрландырдық. Бұл қоғамның және БАҚ-тың талабы, сұранысы болды".
Марат Қарабаев
Сонымен қатар ол бағдарламаға көлігі барлар қатыса алмайтынын баса айтты. Министр жеңілдетілген автонесие механизмі ай сайын жұмыс істейтінін қоса кетті.

"Қазір ай сайын шамамен миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Енді біз мынадай механизмді қарастырып жатырмыз: қаражат 500-ге жуық көлікке жеткен соң іске қосамыз, яғни бұл дегеніміз 5 миллиард және одан да көп қаражат. Біз бір айда тағы бір миллиард жинаймыз, содан кейін бағдарламаны тағы да онлайн түрде жариялаймыз. Бұл - ең ашық механизм", - деді Марат Қарабаев.

Министр бағдарламаға төрт бағыт бойынша түзетулер енгізілетінін айтты.

Алғашқы жарна – автокөлік сомасының 15%-ы.
Автокөлікті алғандардың аты-жөні туралы хабарландыру.
Автокөлік брендтерін қайта қарау мүмкіндігі.
Қатысушылар үшін жалақы шегін орнату мүмкіндігі.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды