Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайта шексіз тапсыруға болады

14.04.2026, 10:29
183
Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайта шексіз тапсыруға болады kolesa.kz

Автомектептердің жұмысы қатаң бағаланып, сапасыз ұйымдар лицензиясынан айырылуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жүйесіне ауқымды өзгерістер дайындалып жатыр. Вице-премьер — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев төрағалық еткен кеңесте емтихан тапсыру рәсімін жаңарту мәселесі қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, процесті барынша ашық әрі әділ етуге бағытталған бірқатар шара бекітілген. Негізгі мақсат — азаматтарға қолайлы жағдай жасау, жемқорлық тәуекелдерін азайту және жүргізушілердің дайындық сапасын арттыру.

Ең маңызды өзгерістердің бірі — жүргізуші куәлігіне емтиханды ақылы негізде шексіз қайта тапсыру мүмкіндігі. Алайда әр әрекет арасында кемінде 10 күн үзіліс сақталуы тиіс.

Қазір қолданыстағы тәртіп бойынша үміткерлерге үш тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екеуі бір күн аралықпен, үшіншісі — 30 күннен кейін. Бұдан кейін қайта оқудан өту міндетті. Жаңа ұсыныс бұл талапты жеңілдетіп, процесті анағұрлым қолжетімді етуді көздейді.

Сонымен қатар Астанадағы Ұлттық тестілеу орталығының базасында пилоттық жоба іске қосылмақ. Онда теориялық емтихан кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ететін технологиялар сынақтан өтеді.

Тағы бір жаңалық — тест тапсырмаларына психометриялық зерттеу жүргізу. Бұл олардың жүргізушіге қажетті білім мен дағдыларды шынайы бағалауға қаншалықты сай екенін анықтауға бағытталған.

Цифрлық бақылау күшейеді. Емтихан барысында жасанды интеллект, толықтырылған шынайылық элементтері және компьютерлік көру технологиялары қолданылмақ. Бұл әдістер заңсыз көмек құралдарын — микроқұлаққап, жасырын камера секілді құрылғыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қауіпсіздік те назардан тыс қалмайды. Жүргізуші куәлігін алу жүйесіне қатысты цифрлық шешімдерді стратегиялық маңызды нысандар тізіміне енгізу ұсынылып отыр. Бұл жүйеге заңсыз араласқандарға қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге жол ашады.

Жаңа талаптар тек емтихан тапсырушыларға ғана емес, көмектесушілерге де қатысты болмақ. Заң бұзғандарға әкімшілік жаза қолданылып, тіпті теориялық емтихан тапсыру құқығынан бір жылға дейін айыру қарастырылуда.

Автомектептерге де талап күшейеді. Олардың жұмысы түлектердің дайындық сапасы мен азаматтардың пікіріне қарай бағаланады. Лицензиялау енгізіліп, сапасы төмен ұйымдар лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Билік бұл өзгерістер жасанды кедергілерді жойып, жүргізуші куәлігін алу жүйесін түсінікті әрі ашық етуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады