«Жылы сөз айтып, құшақтады»: Мейіржан Төребаев видеоүндеу жариялады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2026, 14:46
211
«Жылы сөз айтып, құшақтады»: Мейіржан Төребаев видеоүндеу жариялады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Танымал вайнер өзі туралы шындықты ашып айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, вайнер Мейіржан Төребаев видеоүндеу жариялап, өміріндегі түрлі кезеңдерде қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты. Ол бұл жолы жеке ой-толғамдарымен бөлісіп, соңғы жылдардағы оқиғалардан кейін көп нәрсеге басқаша қарай бастағанын жеткізді.

Төребаевтың айтуынша, ол ең алдымен отбасына — анасына, балаларына және жұбайына демеу болған адамдарға ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ ол бейтаныс жандардың да жылы сөз айтып, қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.

«Анамды, балаларымды, жұбайымды қолдағандарыңыз үшін рахмет. Кеше көшеде келе жатқанда адамдар жақындап, жылы сөз айтты, құшақтады. Бәлкім, оларды енді ешқашан көрмейтін шығармын, бірақ адам жылулығы жанды емдейтінін түсіндім. Мен көп нәрсені қайта ой елегінен өткіздім, ішкі өзгерістен өттім, қарапайым дүниелердің қадірін түсіне бастадым. Қазір шығармашылықпен айналысып жүрмін: сериалдарға, фильмдерге түсемін, сценарий жазамын, кино түсіремін», – деді ол.

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Олар 2022 жылдың сәуірінде қамауға алынған. Іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.

2024 жылы сотталғандар Алматыға этаппен жеткізілген.

2024 жылдың желтоқсанында Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Төребаевтың өтелмеген жазасын жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Ал 2025 жылдың шілдесінде Мейірхан Шерниязовтың бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Мейіржан Төребаевтың жағдайына қатысты ҚАЖК өкілдері де түсініктеме берген болатын. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды