185

«Қанаттылар» театры «Таза Қазақстан» акциясын қолдайды

Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қанаттылар» инклюзивті театры сенбілік өткізіп, мекеме аумағына тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

«Қанаттылар» театры «Таза Қазақстан» акциясын қолдайды

Сенбілік барысында ғимарат маңы қоқыстан тазартылып, аумақты ретке келтіру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысы жүзеге асырылды.

«Қанаттылар театры «Таза Қазақстан»акциясын тұрақты түрде қолдап келеді. Біз үшін бұл жай ғана сенбілік емес, өмір салтымыздың, еңбек және қоғамдық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Тазалық – тек қоршаған ортаға ұқыптылық қана емес, ол ой тазалығының, мәдениет пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі», – деді «Қанаттылар» инклюзивті театрының директоры, актер Арнұр Ысқақов. 

Қазіргі таңда театр репертуарында 12 қойылым бар. Олардың қатарында «Қанаттылар», «Үй таңданған лақ», «Қызжылаған», «Өмір – ғайып», «Күле аласыз ба?», «Арман», «Екі тағдыр – бір өмір», «Алло, бұл кім?», «Құстар фестивалі», «191 БАП», «Абай-LA», «Таң сәулесін шашқанда» спектакльдері көрермен ықыласына ие.

Бүгінде театр ұжымы жастар аудиториясына, әсіресе студенттерге бағытталған шығармашылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Театрдың басты мақсаты – инклюзивті өнерді дамыту, ерекше жандардың мүмкіндігін кеңінен таныту және олардың өнер арқылы өз орнын табуына ықпал ету.