Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында жұмысшы қаза тапты

02.05.2023, 13:45
533
Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында жұмысшы қаза тапты smartnews.kz

Жетібай кен орнындағы ұңғымада дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқанда жарылыс болып, бір жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, газбен дәнекерлеуші болған Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапты, деп жазды Мangystaumedia басылымы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ жарылыс кезінде бұрғылау қондырғысының шебері, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Ол Қытай азаматы болған.

Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері жетті. Тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады.

Боди-массаж салоны арқылы байыған әйелдің 1,5 млрд теңге мүлкі тәркіленді Астанада LRT өртеніп жатыр (ВИДЕО) Абзал Шынасылдың адвокаты судьяның үстінен шағым түсірді «Жүрегіне шампур тыққан»: Сыныптасының қолынан қаза тапқан Әлібидің өлімінен соң мектеп директоры қызметтен кетті «Путин Трампты ызаландырып отыр»: АҚШ Ресейге қарсы санкциялар тізімін толықтыруы мүмкін Астаналық тұрғын өз көршісінің Iphone-ын ұрлап кеткен Перизат Қайраттың соты келесі айда басталады Мұғалімді «Ш***» деп атаған оқушы туралы Назарбаев мектебі мәлімдеме жасады (ВИДЕО) «Қайтыс болғандар бар»: Қытайдағы химия зауытында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО) Енді Қазақстанда жергілікті полиция қызметі болмайды «Бөксесі шаншыла-кесілген»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттары бойынша сараптама жарияланды Жас қызды Ресейге жыныстық құлдыққа жібермек болған тұрғын ұсталды Шалқарлық келіншек 12-інші перзентін өмірге әкелді Жолаушы жол үстінде ұшақта көз жұмды Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім гранттарына ие болды Алматыда самокат мінген қыз 55 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады «Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді