Ақмолада бала тууға ақша алған суррогат ана ерлі-зайыптыны «лақтырып» кеткен

15.04.2026, 13:47
197
Ақмолада бала тууға ақша алған суррогат ана ерлі-зайыптыны «лақтырып» кеткен pexels.com

Ерлі-зайыптылармен келісімшарт жасаған әйел екінші процедураға келмей, міндеттемесін орындамаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында суррогат анаға қатысты даулы іс сотта қаралып, нүкте қойылды. Ақша алып, келісілген рәсімге келмеген әйел енді шығынды толық қайтаруға міндеттелді.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылы ерлі-зайыптылар азаматша Д.-мен суррогат ана болу жөнінде келісімшарт жасаған. Құжатта екі рет ұрықтандыру әрекеті қарастырылған.

Алғашқы әрекет сәтсіз аяқталғаннан кейін, жұп екінші кезеңге дайындықты жалғастырып, әйелге медициналық тексерулерге, дәрі-дәрмекке, жол шығындары мен күшейтілген тамақтануға 500 мың теңгеден астам қаражат аударған.

Алайда 2025 жылдың наурызында екінші процедура өтпей қалған. Себебі суррогат ана клиникаға келмеген. Кейін ол бұл әрекетін денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдермен түсіндіруге тырысқан. Дегенмен сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты: ұсынылған медициналық қорытындылар келісімшартта көрсетілмеген мекемелерден алынған әрі барлық төлемдер жасалғаннан кейін рәсімделген.

Бірінші инстанция соты талапкерлердің материалдық шығын туралы талабын орынды деп танып, жауапкерден 550 мың теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Апелляциялық алқа істі қайта қарап, моральдық өтемақы бөлігіне түзету енгізді. Соттың түсіндіруінше, келісімшартта эмбрионды сақтау шарттары қарастырылмаған, ал оны жою туралы шешімді ерлі-зайыптылар өздері қабылдаған. Сондықтан бұл салдарға жауапкердің қатысы дәлелденбеген.

Қорытындысында материалдық шығынды өндіру туралы шешім күшінде қалдырылып, моральдық зиянды өтеу талабы қанағаттандырылмады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды