Әлеуметтік желі баланың миын «өшіре» ме? Сарапшылар дабыл қақты

15.04.2026, 09:42
133
Әлеуметтік желі баланың миын «өшіре» ме? Сарапшылар дабыл қақты shutterstock.com

Небәрі 5-8 жастағы балалардың жартысына жуығы интернетке кіріп үлгерген.

Әлеуметтік желілердің балаларға ықпалы күшейген сайын, оның қауіптері де айқындала түсуде. Мектеп тапсырмалары мессенджер арқылы беріліп, жеке аккаунттар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Осы мәселе BIZDIÑ ORTA подкастында талқыланып, пікір білдіргендердің қатарында ЮНИСЕФ өкілі Азамат Жаманшынов пен нейропсихолог Ксения Костенко болды.

Мамандардың айтуынша, гаджеттерді шектен тыс қолдану баланың психикалық және когнитивті дамуына кері әсер етеді. Бұл көбіне мазасыздықтың күшеюіне, ұйқының бұзылуына және өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкеледі. Әсіресе, экран алдында ұзақ отыру сөйлеу қабілетінің кешеуілдеуіне ықпал етеді.

Ксения Костенко қазіргі балалардың сөйлеу дамуында айқын өзгерістер барын атап өтті. Бұрын бір жасқа толған бала екі-үш сөзден тұратын қарапайым сөйлем құрауы тиіс болса, бүгінде бұл көрсеткіш кейде үш жасқа дейін кешігеді. Оның сөзінше, әр балада мұндай мәселе бар деу қате, бірақ он баланың ішінде бірнешеуінде сөйлеу кешеуілдеуі байқалады.

Маман бұл жағдайды баланың жеке ерекшелігімен емес, оның өсіп жатқан ортасымен байланыстырады. Яғни, бала миы сырттан келетін ақпаратқа бейімделіп әрекет етеді. Бұрын балалар бір-бірімен ойнап, сөйлесіп, белсенді қозғалыс арқылы дамыса, қазір бұл үрдіс экран алдындағы пассивті уақытпен алмасқан.

Сарапшының пікірінше, ерте жаста гаджетке тәуелділік баланың іздену, сұрақ қою қабілетін әлсіретеді. Ақпаратты оңай әрі жылдам алуға үйренген балада танымдық белсенділік төмендейді.

Ол екі түрлі жағдайды салыстырады: бірі ата-анасымен белсенді қарым-қатынаста өсіп жатқан бала, екіншісі тек визуалды контент тұтынумен шектелген бала. Айырмашылық бірден байқалады — гаджетке тәуелді бала жеңіл жолды таңдап, тапсырмаларға селқос қарайды. Мұндай балалар сұрақтарға толық жауап бермейді, айтылғанды орындауда да қиындық көреді.

Ал Азамат Жаманшынов ЮНИСЕФ жүргізген Kazakhstan Kids Online зерттеуіне тоқталды. Оның нәтижесі бойынша, балалар интернетті өте ерте жастан қолдана бастайды: небәрі 46%-ы 5–8 жас аралығында онлайн кеңістікке енеді. Жасы ұлғайған сайын олардың интернеттегі белсенділігі арта түседі.

Зерттеу кибербуллинг мәселесінің де өзекті екенін көрсетті — оның деңгейі 21%-ға жеткен. Сонымен қатар, балалардың бейтаныс адамдармен байланысқа түсуі жиілеп, күмәнді хабарламалар алуы да жиі кездеседі.

Жаманшыновтың айтуынша, кәмелетке толмағандар көбіне өздеріне сенім артқан ересектердің құрбанына айналады. Әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатып, кейін фото және видео материалдарды заңсыз мақсатта пайдаланатын жағдайлар бар.

Сарапшы мұндай қауіптердің алдын алу үшін ең алдымен қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру қажет екенін айтты. Бұл тек техникалық инфрақұрылымды дамыту емес, сонымен бірге балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына, еркін қарым-қатынас жасауына және өзін көрсетуіне жағдай жасау деген сөз.

Айта кетейік, 12 қарашада Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын және оған ілеспе екі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Талқылау барысында депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілерде тіркелуге жас шектеуін енгізу мәселесін көтерген болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды