Баланы желіден қорғау: Ата-ана, мектеп әлде мемлекет кінәлі ме?

15.04.2026, 10:50
77
Баланы желіден қорғау: Ата-ана, мектеп әлде мемлекет кінәлі ме? freepik.com

Нейропсихологтар үш жасқа дейін баланы гаджеттен алшақ ұстауды ескертті.

Баланың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігі — тек ата-ананың емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналып отыр. Сарапшылардың айтуынша, мәселе әлеуметтік желінің қолжетімділігінде ғана емес, оны реттейтін жүйенің әлсіздігінде жатыр. Бұл тақырып BIZDIÑ ORTA подкастында талқыланып, ЮНИСЕФ өкілі Азамат Жаманчинов пен нейропсихолог Ксения Костенко балаларды қорғаудың кешенді тәсілі қажет екенін алға тартты.

Ксения Костенконың пікірінше, бала мен гаджет арасындағы шекараны ең алдымен отбасы белгілеуі тиіс. Үш жасқа дейін балаға әлеуметтік желінің қажеті жоқ — бұл кезеңде ол шынайы әлемді қозғалыс, ойын және тірі қарым-қатынас арқылы тануы керек. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңде де экран уақыты қатаң бақылауда болуы тиіс.

Маманның айтуынша, мәселе тек жаста емес, баланың психологиялық дайындығында. Оның сөзінше, 14 жасқа дейін балаларға жеке аккаунт ашуға асықпаған жөн, өйткені олар виртуалды және шынайы әлемнің шекарасын толық ажырата алмайды. Соның салдарынан өзін-өзі бағалау әлеуметтік желідегі лайк пен пікірге тәуелді бола бастайды.

Ал Азамат Жаманчинов әлеуметтік желілерді толық шектеу кері әсер беруі мүмкін екенін ескертеді. Егер балалар реттелетін платформалардан шеттетілсе, олар бақылаусыз әрі қауіпті кеңістіктерге өтіп кетуі ықтимал.

Сарапшылар тағы бір маңызды өзгерісті атап өтті — балалардың ақпаратты қабылдау тәсілі өзгеріп барады. Олар дайын жауапты интернеттен іздеуге дағдыланып, өз бетінше ойлану мен талдау қабілетін біртіндеп жоғалтып жатыр. Бұл сыни ойлаудың әлсіреуіне әкеледі.

Мамандардың пікірінше, баланың дамуы тікелей ата-ананың қатысуына байланысты. Қарапайым отбасылық әңгімелердің азаюы, ата-ананың өзі гаджетке тәуелді болуы — балалардың жалғыз қалуына, ал кейін буллинг сияқты мәселелерге осал болуына себеп.

Сондықтан сарапшылар балаларды цифрлық қысым мен кибербуллингтен қорғау үшін әлеуметтік желілерге қолжетімділікті ерте жаста шектеуді қолдайды. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет, мектеп, ата-ана және онлайн-платформалар бірлесіп әрекет етуі қажет.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)