351

Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО)

Екі жақ бір-біріне ешқандай өкпе жоқ екенін айтып, қол алысып тарқасқан.

Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші BayanSulu мен композитор Қуат Әбілов арасындағы авторлық құқыққа қатысты даулы жағдай өзара келісіммен аяқталды. Тараптар ұзаққа созылған түсінбеушілікті бейбіт жолмен шешкенін мәлімдеді.

Қуат Әбіловтің айтуынша, туындаған дау толық реттеліп, екі жақ өзара талаптардан бас тартқан. Ол әрі әнші қоғамға арнайы үндеу жасап, мәселенің түпкілікті жабылғанын растады.

«Біз Баянсұлумен ортақ келісімге келдік. Барлығы шешілді. Бір-бірімізге ешқандай өкпе жоқ. Қол алысып, сіздерге де айтуды жөн көрдік. Қатал бағаламауды сұраймыз. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», — деді композитор.

Сондай-ақ ол әншіге шығармашылық жолында табыс тіледі.

Өз кезегінде BayanSulu да арадағы келіспеушіліктің толық аяқталғанын, тараптар арасында енді ешқандай дау жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін композитор мен әнші арасында бірқатар хит әндердің авторлық ақысы мен құқықтарына байланысты келіспеушілік туындаған. Даулы мәселе сотқа дейін жеткенімен, соңында тараптар өзара келісімге келіп, істі ушықтырмай шешті.

Материал авторы