393

Атырауда қабірден қару шықты

Тұрғынның мәлімдемесінен кейін қабірден заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрі табылды.

Атырауда қабірден қару шықты
instagram.com/qazhd.atyrau

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда күтпеген жайт тіркелді. Аңшылық қару мен оқ-дәрілер қабір ішінен табылды. Бұл дерек азаматтың өз еркімен берген мәлімдемесінен кейін белгілі болған.

2026 жылғы 13 сәуірде өңірдегі №79 мекеменің жедел қызметкерлері мен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы бөлімшесі бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде заңсыз сақталған қару анықталған.

Тексеру барысында бір азаматтың аңшылық мылтық пен 12 калибрлі бес патронды қабірге жасырып қойғаны белгілі болды. Оның айтуынша, қаруды сол жерге өзі тығып кеткен.

Қару мен оқ-дәрілер қолданыстағы заң талаптарына сәйкес тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Материал авторы