315

Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен 17 сәуір күні аттанады.

Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады. Бұл сапар Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен жүзеге асады.

Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, мемлекет басшысы 17 сәуір күні Анталья қаласында өтетін дипломатиялық форумға қатысады. Сондай-ақ ол панельдік сессияда сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Анталья дипломатиялық форумы — халықаралық деңгейдегі маңызды пікірталас алаңы. Онда саясаткерлер, дипломаттар, сарапшылар, бизнес өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелері бас қосады.

Материал авторы