Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті
Оқиғадан соң FlyArystan ұшағы жөндеуге жіберілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент әуежайында ұшақ пен иттің соқтығысуына байланысты оқиға тіркелді. FlyArystan әуе компаниясының ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағында итке соғылып, техникалық зақым алған.
Оқиға 15 сәуір күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша ұшқан FS7105 рейсі қонғаннан кейін болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуежай аумағына ит кіріп кеткен. Соның салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, ауыстыруды қажет ететін бөлшектер Алматыдан жеткізілетін болады. Қазіргі уақытта ұшаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
FlyArystan өкілдері ұшу қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті. Оқиғаға байланысты тексеріс басталып, жануардың ұшу-қону жолағына қалай кіріп кеткені анықталмақ.
Материал авторы