270

Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер шұғыл операция жасап, бас сүйегіндегі сынықтарды алып тастауға мәжбүр болды.

Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр
instagram.com/narodnyi.control.krg3

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында мәдениет үйінің қаптамасы опырылып түсіп, 2,5 жастағы Әмір ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан бала жансақтау бөліміне түсіп, жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.

Зардап шеккен бала шұғыл түрде Қарағанды қаласына жеткізіліп, дәрігерлер оны медикаментозды комаға енгізген. Қазір жағдайы тұрақты болғанымен, өте ауыр деп бағаланып отыр. Қатты соққыдан кірпіш бас сүйегін тесіп өткен. Дәрігерлер шұғыл операция жасап, сүйек сынықтары мен зақымданған бөліктерін алып тастаған. Бала шамамен 1 литр қан жоғалтқан.

Ата-анасының айтуынша, ғимарат қаптамасының бөлшектері бұған дейін де түсіп жүрген. Алайда бұл мәселеге жауапты органдар тарапынан назар аударылмаған.

Жарақат алған баланың анасы Сабина Кауапова ұлының аман қалуына үміттеніп отыр. Отбасы оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуде.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тараптың адвокаты Александр Кушнир істің ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, отбасы моральдық шығын мен емдеу шығындарын өтеуді талап етіп отыр.

Материал авторы