Отын дерегін бұрмалаған Air Astana мен FlyArystan жауапқа тартылды

15.04.2026, 14:22
185
Отын дерегін бұрмалаған Air Astana мен FlyArystan жауапқа тартылды Depositphotos/brokenrecords

Заң талаптарын бұзғаны үшін әр компанияға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ірі әуе тасымалдаушылар жауапқа тартылды. Air Astana мен FlyArystan әуеотынға қатысты деректерді бұрмалағаны үшін айыппұл арқалады.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Көлік министрлігі жүргізген тексеріс барысында аталған компаниялардың авиаотын көлемі туралы нақты емес ақпарат ұсынғаны анықталған. Бұл деректер елдегі отынмен қамтамасыз ету мәселесін бақылау аясында тексерілген.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, екі компанияға да 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Шаралар әкімшілік жауапкершілік аясында қолданылған.

Бұған дейін Энергетика министрлігі елдегі авиациялық керосин қорының жай-күйі мен оның тұрақты рейстерге ықтимал әсері туралы мәлімдеген болатын. Соңғы оқиға саладағы есептілік пен бақылау мәселесінің өзектілігін тағы бір рет алға шығарды. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады