SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен Өзбекстан гроссмейстері Жавохир Синдаров арасындағы қарым-қатынас туралы әлеуметтік желіде қызу талқылау жүріп жатыр. Бұған спортшының Telegram парақшасында жарияланған бірлескен фотосурет түрткі болды.
Кейінірек Асаубаева Instagram желісінде де бірнеше ортақ суретті жүктеген. Онда екі спортшы бірге бейнеленген, ал бір кадрда олардың қол ұстасқаны байқалады. Осы сәт желі қолданушылары арасында түрлі болжамдардың көбеюіне себеп болған.
Жазбалардан кейін өзбекстандық басылымдардың бірі де бұл суреттерге назар аударып, қос шахматшының арасында романтикалық қатынас болуы мүмкін екенін жазды. Басылым сонымен қатар екі спортшының да жас болса да үлкен жетістікке жеткенін атап өтіп, жеке өмірге құрметпен қарауға шақырған.
Жавохир Синдаров 2005 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол шахматпен ерте жастан айналысып, небәрі 12 жас 10 айында гроссмейстер атанған әлемдегі ең жас спортшылардың бірі болды. Қазір ол Өзбекстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп, халықаралық турнирлерге қатысып келеді.
Ал Бибісара Асаубаева — блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ әйелдер арасындағы ең жас әлем чемпионы ретінде рекорд иесі. Ол өз буынының ең табысты шахматшыларының бірі саналады.
RUS