Ақтауда әйел балаға алдап жақындап, алтын сырғасын шешіп әкеткен

15.04.2026, 17:45
220
Ақтауда әйел балаға алдап жақындап, алтын сырғасын шешіп әкеткен әлеуметтік желіден

Полиция күдіктіні жедел анықтап, қылмыстық іс қозғады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда тұрғындарды елең еткізген оқиға тіркелді. Белгісіз әйел кішкентай қыздың құлағындағы алтын сырғаны шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Желіде тараған видео қоғамда қызу талқылау тудырды.

Оқиға 29-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Бейнежазбада әйелдің орындықта отырған қызға жақындап, аз уақыт сөйлескен соң сырғасын шешіп алғаны анық көрінеді. Артынша еш алаңсыз кетіп қалған.

Полиция мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы — «ұрлық» бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды