Тараздық «Динамо» шәкірті қарсыласын 57 секундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

07.04.2026, 10:05
124
Тараздық  «Динамо» шәкірті қарсыласын 57 секундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО) polisia.kz

Тәжікстандық спортшы ауыр соққылардан кейін айқасты жалғастыра алмады.

Таразда өткен жекпе-жек бір минутқа да жетпей аяқталды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің «Динамо» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Бауыржан Әли қарсыласын небәрі 57 секундта нокаутқа жіберіп, айқын басымдық көрсетті.

“ALASH PRIDE FC” лигасы аясында өткен кездесуде жас спортшы алғашқы секундтардан-ақ тізгінді өз қолына алды. Ол қарсыласы – Тәжікстан өкілі Раджаббой Ахмедовке дәл әрі ауыр соққылар сериясын дарытып, есін жиғызбады. Жекпе-жектің 57-секундында төреші қарсыластың айқасты жалғастыруға шамасы жоқ екенін байқап, нокаутты тіркеді.

Бауыржан Әли – тек рингте емес, қызметте де жауапты тұлға. Ол – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты, полиция сержанты. Соған қарамастан, спорттағы қарқынын бәсеңдетпей келеді.

Бұған дейін ол Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарып, кәсіби боксқа қатысу лицензиясын алған. Спортшы – Қазақстанның спорт шебері, ел чемпионы және түрлі халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Қазір Бауыржан ұлттық құраманың сапында. Оқу мен спортты қатар алып жүрген жас боксшы халықаралық ареналарда ел намысын қорғауды жалғастырып келеді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр