Қазақстандықтар енді рецепт бойынша дәрілерді QR код арқылы алады

02.05.2023, 17:40
740
Қазақстандықтар енді рецепт бойынша дәрілерді QR код арқылы алады smartnews.kz

Енді қазақстандықтар дәрігер жазып берген рецепт қағазын тасып жүрмейді. Аталған қызмет QR код арқылы қолжетімді. Толығырақ Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп тағы бір жаңашылдық енгіздік. Бүгінде egov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз ету аясында «әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылды. Айталық, дәрігер пациентке рецепт жазып берді, оны қағаз түрінде дәріханаға алып барады. Ендігі уақытта рецепт QR код арқылы ұсынылады», – деді Бейбіт Есенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының мәлімдеуінше, фармацевт ақпаратты қолмен енгізіп отырмайды, QR кодты сканерлеп, қажетті дәріні ұсынады.

«Аталған қызмет әзірге пилот жоба ретінде Астана қаласының емханаларында іске қосылды. Осыған байланысты азаматтарды осы сервисті пайдалануға шақырамыз. 2023 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 1005 пациент QR кодты қолдану арқылы дәрі алған. Бұл қызметті жыл соңына дейін басқа да өңірлерде іске қосу жоспарланып отыр», - дейді ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды