SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте әлеуметтік желілерде жүкті екенін айтып айқайлаған әйелдің соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады. Кадрларда бір әйел екіншісін шашынан сүйреп, көлікке қысып ұрып жатқаны көрінеді. Оқиға кезінде жәбірленуші өзінің жүкті екенін бірнеше рет айтқан. Видео соңында араға ер адам түсіп, жанжал тоқтатылады.
Шымкент қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша, жәбірленуші тараптың шағымданудан бас тартқанына қарамастан, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жанжал көрші әйелдер арасында болған, ал бастапқы себеп ретінде олардың балалары арасындағы келіспеушілік көрсетіліп отыр.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін мектептегі киім ауыстыратын бөлмеде болған төбелес операцияға дейін ұласқаны хабарланған еді. Сол оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалған.
RUS