25 жылдық жоба іске асады: SpaceX алғаш рет Марсқа миссия жібереді

17.04.2026, 16:01
166
25 жылдық жоба іске асады: SpaceX алғаш рет Марсқа миссия жібереді NASA

Еуропаның ұзақ жылдар күттірген Марс жобасы ақыры нақты іске асатын кезеңге жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA көптен бері кешігіп келген еуропалық марс бағдарламасына жасыл шам жақты. Енді Rosalind Franklin rover ровері Марсқа ұшуға ресми түрде дайындық жоспарына енгізілді.

Бұл жоба ExoMars бағдарламасы аясында жүзеге асады және Еуропаның Қызыл планетаға өз роверімен алғаш бару әрекеті болмақ. Негізгі мақсат — Марста ежелгі тіршіліктің іздерін табу.

Ғалымдар Марс беті тіршілікке жарамсыз екенін айтады: атмосфера мен магнит өрісінің жоқтығы радиацияны тежемейді, соның салдарынан органикалық заттар жойылады. Сондықтан ықтимал тіршілік тек жер астында болуы мүмкін. Осы себепті «Розалинд Франклин» екі метрге дейін бұрғылап, терең қабаттардан үлгі алуға қабілетті алғашқы аппаратқа айналмақ.

Жиналған үлгілерді зерттеу үшін NASA масс-спектрометр береді. Сонымен қатар, агенттік роверге радиоизотопты жылу элементтерін орнатып, қону платформасын жобалауға қатысады. Бұған дейін бұл платформа Ресейде дайындалғанымен, 2022 жылдан кейінгі геосаяси жағдайға байланысты ол пайдаланылмайтын болды.

Ровер SpaceX компаниясының Falcon Heavy зымыранымен ұшырылады. Старт Kennedy Space Center ғарыш айлағынан жүзеге асады. Ұшыру мерзімі — 2028 жылдан ерте емес. Бұл SpaceX үшін Марсқа бағытталған алғашқы миссия болмақ.

Айта кету керек, бұл еуропалық жобаға шамамен 25 жыл болған. Әртүрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілген. Тіпті соңғы шешімнің өзі АҚШ-та бюджет қысқартуларына байланысты тәуекелге ұшыраған. Соған қарамастан, NASA жобаны қолдап, оны соңына дейін жеткізуге ниетті. Барлық шығынды Еуропа көтереді, ал нәтижесі халықаралық жетістік ретінде бағаланбақ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды