SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путиннің қоғам алдындағы қолдау деңгейі қатарынан алтыншы апта төмендеу үстінде. Мемлекеттік Ресейдегі мемлекеттік әлеуметтік зерттеу ұйымының жүргізген сауалнамасы нәтижесіне сәйкес, 6–12 сәуір аралығында оның қызметін мақұлдау көрсеткіші 66,7%-ға дейін құлдыраған. Бұл — бір апта ішінде 1,1 пайыздық тармаққа азайғанын білдіреді.
Сонымен қатар, президентке деген сенім деңгейі де төмендеген. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш 72%-ды құрап, бір аптада 1,8 пайыздық тармақ жоғалтқан.
Сарапшылар атап өткендей, бұл — Ресейдің Украинаға қарсы толыққанды соғысы басталғалы бергі ең төменгі деңгей. Бұған дейін бұдан төмен көрсеткіш тек 2022 жылдың ақпан айында, соғыс қарсаңындағы кезеңде тіркелген еді.
Рейтингтің құлдырауы тек президентпен шектелмейді. Биліктегі «Единая Россия» партиясының да қолдауы азайып барады. Керісінше, Мемлекеттік Думада ұсынылған өзге партиялардың көрсеткіштері өсім көрсеткен.
Айта кетейік, небәрі ақпан айының басында Путиннің мақұлдау рейтингі 75,1%, ал сенім деңгейі 78,7% болған. Алайда наурыздан бастап көрсеткіштер біртіндеп төмендей бастады.
RUS