Ресейде полицейлерге оқ атқан күдікті Шымкенттің тумасы боп шықты

Азиз Қалижан Редактор
17.04.2026, 18:46
414
Ресейде полицейлерге оқ атқан күдікті Шымкенттің тумасы боп шықты Пресс-служба СУ СК России по Оренбургской области

Орынбордағы күдікті әлі табылмай жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Орынбор облысында полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасаған күдіктінің жеке басы анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол — 1974 жылы туған, 52 жастағы Сергей Басалаев. Ер адамның Қазақстанда, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келгені белгілі болды.

Оқиға Ақкермановка кентінде болған. Федералдық іздеуде жүрген күдіктіні ұстауға келген полиция қызметкерлеріне ол қарсылық көрсетіп, атыс қаруымен оқ атқан.

Қақтығыс салдарынан бір полиция қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Ресейлік дереккөздердің мәліметінше, күдікті ақ кабинасы бар «ГАЗон» жүк көлігімен қашып кетуі мүмкін. Сондай-ақ оның автоматпен қаруланғаны айтылады. Кейін күдікті мінген болуы ықтимал көлік Белошапка ауылы маңынан табылған.

Қазір іздеу жұмыстары осы аумақта шоғырланған. Операцияға полиция, Росгвардия, кинологтар жұмылдырылып, тікұшақ тартылған. Аумақ қоршауға алынып, негізгі бағыттарда бақылау бекеттері қойылған.

Қауіпсіздік мақсатында бірқатар елді мекендер мен табиғи аумақтарға, оның ішінде «Губерлин таулары» қорық аймағына уақытша кіруге шектеу енгізілді.

БАҚ мәліметінше, күдіктінің бұрын заңмен проблемалары болған және қарыздары да бар. Сондай-ақ ол ЛНР құрамындағы мотожаяу әскер бригадасында қызмет еткен болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Кей деректерде оның Украинадағы соғыс аймағында болғаны да айтылып отыр, алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздестіру жалғасып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды