Иракта сотталған Қазақстан азаматтарына қатысты келіссөз жалғасады - СІМ

02.05.2023, 20:11
828
Иракта сотталған Қазақстан азаматтарына қатысты келіссөз жалғасады - СІМ smartnews.kz

Ирактағы түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеуге қалды. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы Ирак билігінің үкіміне наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол істі болған аталған адамдар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау процедурасын өткізуді талап етіп отыр. Аштық акциясы Ирак билігінің «Рақымшылық туралы» заңға қол қоюы туралы қауесет тараған кезде басталған.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі биыл барлық санатта қылмыс жасаған адамдарға «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты ақпарат емес. Айта кетейік, рақымшылыққа ілігетін адамдар өз жазасының үштен бірін сол елде өтеуге тиіс. Қазір жоғарыда аталған мекемеде ДАИШ террористік (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұйымына қатысқаны үшін сотталған 6 Қазақстан азаматы өз жазасын өтеп жатыр. Жалпы, наразылық білдіріп отырғандар әділетсіз үкімге, негізсіз айыптауларға қатысты шағым айтып отыр», - деді ресми өкіл.

«Егер Ирак билігі рақымшылық акциясын қабылдаса, онда біз тиісті келіссөздерді жалғастырамыз», - деді А. Смадияров.

2019 жылдың қарашасында Ирактан 14 бала Қазақстанға жеткізілді.

Олардың аналары сотталып, террористік әрекетке қатысы үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша ұйымдастырылды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді