291

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады

11,2 ұпайлық өсім Асаубаеваның тұрақты прогресін айқын көрсетіп отыр.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Noushad Thekkayil/NurPhoto via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы үміткерлер турнирінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады.

Кипрдің Пафос қаласында өткен дода қорытындысы бойынша Асаубаева екі сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте жетінші орынға жайғасты. Оның қоржынында қазір 2527,2 ұпай бар — турнир нәтижесінде 11,2 ұпай қосқан.

Әйелдер шахматындағы көшті әлі де Қытай өкілдері бастап тұр. Бірінші орында Хоу Ифань (2596,0), одан кейін Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0) орналасқан.

Үздік ондықта сондай-ақ Александра Горячкина, Хампи Конеру, Анна Музычук, Тань Чжунъи және Катерина Лагно бар. 

Материал авторы