Қарағандыда бір жасар сәбидің өлімінен кейін тексеріс басталды

19.04.2026, 11:13
137
Қарағандыда бір жасар сәбидің өлімінен кейін тексеріс басталды иваново37.рф

Инфекциялық ауруханада бір ай жатқан сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда инфекциялық ауруханада бір жасар қыздың көз жұмуынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады. Қайғылы жағдай 17 сәуір күні тіркелді. Ведомство марқұмның отбасына көңіл айтып, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жан-жақты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Сәбидің анасы Әсел Әбділдина медициналық мекемелерді экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппараттарымен жабдықтауды сұрады. Оның пікірінше, мұндай құрылғы болғанда қызының өмірін сақтап қалуға болар еді.

«Егер осы ауруханада ЭКМО аппараты болғанда, қызым тірі қалар еді. Ол ұзақ уақыт жасанды тыныс алу аппаратында жатты. ИВЛ баланың өкпесін әлсіретеді — мұны дәрігерлердің бәрі біледі», — деді ол.

Анасының айтуынша, балаға бейінді мамандар тарапынан жеткілікті бақылау жасалмаған. Дегенмен отбасы қылмыстық іс қозғауды талап етпейді — олардың басты мақсаты мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ауруханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту.

Министрлік мәліметінше, бала аурудың екінші күні ауруханаға түскен, жағдайы нашарлаған соң жансақтау бөліміне ауыстырылған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап, аралас инфекция — бактериялық, вирустық және саңырауқұлақтық зақымдану анықталғанын хабарлады. Бұған қоса, айқын иммун тапшылығы мен туғаннан вакцина алмағаны жағдайды күрделендірген.

Дәрігерлер емдеу толық көлемде, клиникалық хаттамаларға сай жүргізілгенін айтады. Науқастың жағдайы бірнеше рет республикалық деңгейдегі консилиумдарда қаралған.

ЭКМО қолдану мүмкіндігі де талқыланған. Алайда мамандар науқастың ауыр жағдайын және медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, бұл әдісті қолданбау туралы шешім қабылдаған.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Министрлік мұндай жағдайлар өте күрделі санатқа жататынын, бірнеше ауыр фактордың қатар келуі өлім қаупін арттыратынын атап өтті.

Ведомство қоғам мен БАҚ-ты тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге және тексеріс аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды