Қазақстан Тәжікстанға бидай мен ұн экспортын арттыруға дайын

03.05.2023, 10:22
549
Қазақстан Тәжікстанға бидай мен ұн экспортын арттыруға дайын smartnews.kz

Қазақстан Тәжікстанға бидай мен ұн экспортын арттыруға дайын. Бұл туралы Қазақстан-Тәжістан бизнес форумында Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биылдың өзінде маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан Қазақстанға әлеуметтік маңызы бар агроөнімдерді жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл біздің өзара іс-қимылмыздың шегі емес екеніне сенімдімін. Менің тапсырмам бойынша жыл басынан бері қазақстандық бизнес өкілдері бар бірнеше делегация Тәжікстанға барып үлгерді. Тәжікстанға жылы қабылдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз өз тарапымыздан күнбағыс майы, бидай және ұн экспортын арттыруға дайынбыз. Форум алаңында тиісті коммерциялық уағдаластықтарға қол қойылады», - деді Серік Жұманғарин.

Оның дерегінше, екі елдің теміржол тасымалы арқылы экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдау көлемі де артып келеді. Мәселен, өткен жылы тасымал көлемі 563 мың тоннаға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 90 мың тоннаға артты.

«Бұған қоса, автокөлікпен тасымалдау да 66 пайызға артып, 288 мың тоннаға жетті», - деді вице-премьер.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол