SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда сот-медициналық сараптамалардың тәртібі мен мерзімдері қайта қаралады. Әділет министрлігі осы саладағы қолданыстағы бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
Жаңа жоба аясында сараптама түрлерінің тізбесі мен сарапшылардың мамандану бағыттары нақтыланады. Сонымен қатар сарапшыларға түсетін жүктеме нормалары, сараптаманың күрделілігін айқындау өлшемдері және оны жүргізу мерзімдері қайта реттелмек.
Құжатта арнайы жабдықталған зертханалық орындарға қойылатын талаптарды жаңарту, сондай-ақ сараптамалық зерттеулерді ұйымдастыру қағидаларын жетілдіру мәселелері де қамтылған. Бұл өзгерістер сот-сараптама қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жоба қазір қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатпен танысып, ұсыныс білдіру мүмкіндігі 5 мамырға дейін ашық болады.
Айта кетейік, алдағы уақытта Қазақстанда сот-медициналық сараптама тәжірибесіне компьютерлік томографияны енгізу де жоспарланып отыр.
RUS