Жалған лицензия үшін алматылық футбол клубына қатаң жаза қатері төнді

20.04.2026, 14:23
189
Жалған лицензия үшін алматылық футбол клубына қатаң жаза қатері төнді pexels.com

Федерация тексерісі барысында бапкерлік лицензияны растауда жалған құжат қолданылғаны анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы футбол клубы жалған құжат қолданды деген күдікке ілінді. Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін «Хан-Тәңірі» клубына қатысты қатаң шешім қабылдады.

Федерацияның Бақылау, тәртіп және этика комитеті жүргізген тексеріс барысында клуб өкілдері UEFA «C» санатындағы бапкерлік лицензияны растау кезінде жалған құжаттарды пайдаланғаны анықталған. Сонымен қатар, комитет дерегінше, клуб басшылығы тексеріс кезінде толыққанды ынтымақтастық танытпаған.

Осыған байланысты «Хан-Тәңірі» 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Клубқа құжаттарды толық ұсынып, түсініктеме беру үшін соңғы мүмкіндік берілді. Егер 14 мамырға дейін талаптар орындалмаса, командадан ұпай шегерілуі, төменгі дивизионға түсірілуі немесе жауапты тұлғалар футболдан шеттетілуі мүмкін.

Клубтың өзі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, аталған бапкерлер сынақ мерзімімен қабылданған. Құжаттар тапсырылған сәтте олардың түпнұсқалығын толық тексеру мүмкін болмаған. Кейін лицензиялау процесі кезінде құжаттардың жарамсыз екені анықталып, клуб ол мамандармен келісімді тоқтатқан.

Қазіргі таңда аталған бапкерлер клуб құрылымында жұмыс істемейді. «Хан-Тәңірі» федерация жүргізіп жатқан барлық тексерістерге толық қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды