Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

21.04.2026, 10:53
194
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Абай театрында өткен қаралы рәсімге елдің әр түкпірінен мыңдаған адам жиналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда халық жазушысы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу сәті елдің мәдени өміріндегі ең ауыр күндердің біріне айналды.

Қаралы жиын Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтті. Мұнда ақынның туған-туыстары, әріптестері, қоғам қайраткерлері мен мыңдаған жанкүйері жиналды. Қырғызстаннан арнайы келген делегация да тұлғаға құрмет көрсетті.

Жиналған жұрт Мұхтар Шахановтың поэзия мен азаматтық ұстанымды қатар алып жүргенін атап өтті. Оның шығармалары ұлттық әдебиеттің ғана емес, әлемдік рухани кеңістіктің де маңызды бөлігіне айналғаны айтылды. Ақын әр кезеңде ел тағдырына қатысты өзекті мәселелерге үн қатып, батыл пікір білдіріп отырды.

Қоштасу рәсімінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді. Онда ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, тіл мен руханият жолындағы еңбегі ерекше атап өтілген.

Мұхтар Шахановтың өмір жолы тек әдебиетпен шектелген жоқ. Ол журналистикадан бастап, саясатқа дейінгі кең ауқымда қызмет етті. Кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Парламентінде депутат болды, ұлттық мүдде мәселелерінде батыл позициясымен танылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Кремль мінберінен сөз сөйлеген санаулы тұлғалардың бірі еді.

Ақын 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Соңғы жылдары отбасыдағы ауыр қайғылар мен денсаулықтың сыр беруі оның жағдайына әсер еткені айтылып жүр. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр