«Балаларымды әкесіз қалдырдыңдар»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы қайынсіңлісіне үн қатты

21.04.2026, 14:45
447
«Балаларымды әкесіз қалдырдыңдар»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы қайынсіңлісіне үн қатты әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Рахмоновтар әулетіне қатысты жаңа дау өршіді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың отбасы маңында жаңа даулы жағдай туындады. Оның жұбайы әлеуметтік желіде қайынсіңлісі Сора Рахмоноваға тікелей бағытталған жазба жариялап, қоғам назарын өзіне аударды.

Желіде тараған сторисінде ол эмоциясын жасырмай, отбасына қатысты жеке материалдардың жариялануына қарсы екенін ашық айтты.

Оның айтуынша, мұндай контентті тарату – отбасының жеке шекарасын бұзу.

«@sora_rakhmonova, қызымның видеосын парақшаңнан өшір! Бәрің жабылып балаларымды әкесіз қалдырдыңдар, енді жақсы көріп қалғандай болдыңдар ма? Бізден барынша аулақ жүріңдер», – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Пайдаланушылардың бір бөлігі мұндай отбасылық даулардың көпшілікке шығарылуын сынаса, енді бірі жеке шекара мен балалар құқығын қорғау мәселесін көтерді.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, Шавкат Рахмоновпен ажырасуына себеп болған жағдайлар туралы ашық айтқан болатын. Сол сұхбаттан кейін де отбасы төңірегіндегі әңгімелер қоғамда кең таралған еді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр