Моңғолиядан келген қандастарды балағаттаған павлодарлық әйел жазаға тартылды

03.05.2023, 11:28
565
Моңғолиядан келген қандастарды балағаттаған павлодарлық әйел жазаға тартылды instagram.com/@nastya_brovkapvl

Қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

1 мамырда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram желісіндегі @nastya_brovkapvl парақшасында бойжеткен балағат сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген қандастар туралы теріс пікір білдірген видео жариялаған. Бұл дерек Павлодар қаласы ПД Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді.

Құқықбұзушы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық әйел болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін оған ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетсек, Настя Бровка атты әйел қандастарға ғана емес, басқа да «жаңадан келгендерге» тіл тигізген. Бұған қоса, ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан. Ол әр сөзінде балағат сөздерді көп қолданған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады